Мектеп директорының өмірбаяны » №36 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директорының өмірбаяны
02
сентябрь
2019

Мектеп директорының өмірбаяны

Өмірбаян

Мен, Айдаркулов Жанайдар Болысбекулы, 1974 жылы 6 шілдеде Түркістан обылы, Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Бейнеткеш ауылында дүниге келдім.Ұлтым-қазақ. 

Әкем -Айдаркулов Болысбек , 1949 жылы 1 сәуірде туылған, орман шаруашылығында қызмет атқарып, қазіргі кезде зейнеткер. Анам -Айдаркулова Бақытгүл 1951 жылы 1 наурызда туылған,  алтын алқамен марапатталған көп балалы ардақты ана.

Мен, 1980 жылы   Бейнеткеш ауылындағы Ы.Алтынсарин   атындағы негізгі орта мектебінің 1-сынып табалдырығын аттап,сол мектепте 1989 жылға дейін  9 жылдық негізгі білім алдым. 1989-1991 жылдар аралығында Төлеби ауданына қарасты Төлеби орта мектебінде 10-11 сыныпты үздік оқып,  орта білім туралы аттестат алдым.

1991-1996 жылдар аралығында Қарағанды Мемлекеттік университеті математика факультетінің, «есептеуіш техника» кафедрасында мамандандырылып, Математик Оқытушы мамандығы бойынша жоғарғы білім алдым.

1996 жылдың 29 тамыз айында  Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Бірінші мамыр кентіндегі Бірінші мамыр орта мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 1996 жылдың 28 қарашасыда   Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне өз еркіммен сұранып, Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінде ішкі әскер қатарында бір жыл азаматтық борышымды өтедім. Әскерден оралған соң, 1998 жылдың 8 қаңтарында Бірінші мамыр орта мектебіндегі  математика пәнінің мұғалімі ретіндегі жұмысымды жалғастырдым.

1999-2000 жылдар аралығында  Шымкент қаласындағы «Мұрагер» институтының математика және информатика кафедрасына оқытушы қызметін  атқардым.

2000 - 2007 жылдар аралығында туып өскен Бейнеткеш ауылындағы Ы.Ылтынсарин атындағы орта мектебінде 7 жыл оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқардым.   

2007 жылдың тамыз айында Алматы облысы ,Іле ауданы, Жапек батыр ауылына жанұяммен қоныс аудардым. 2007 жылдың 1 қыркүйек айында Жапек батыр ауылындағы №4 орта мектепке математика және информатика пәнінің мұғалімі болып  жұмысқа қабылдандым. 2008-2015 жылдар аралығында «№4 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы» мемлекеттік мекемесінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2015-2019 жылдара аралығында Алматы обылы білім басқармасына қарасты Алматы облысы, Іле аудандық әдістемелік кабинетінде физика, математика пәндерінің әдіскері қызметін атқардым. 2019 жылдың 17 қаңтар-1 қазан аралығында Іле ауданы , Көктерек ауылындағы №21 орта мектеп директоры қызметін атқардым. 2019 жылдың 1 қазанынан бастап Іле ауданы, Жапек батыр ауылындағы №36 орта мектеп директоры лауазымына тағайындалдым  

Үйленгенмін, бес баланың әкесімін, жұбайым-Айдарқұлова Гүлсім Оралқызы  №4 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып  жұмыс атқарады.

Мекен-жайым: Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар ауылы, Алатау көшесі №13 а . тел.87057759540. Электрондық пошта адресім- Ganaidar74@mail.ru 


Похожие публикации:

10 апрель 2021 Директор
24 октябрь 2019 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив