«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары»
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес № 36 орта мектепте 25 тамыз күні 1-11 сынып жетекшілермен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» атты семинар өткізілді. Семинардың мақсаты білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Сынып жетекшілер семинарына қатысқан сынып жетекшілер саны – 50. Семинар барысында № 36 орта мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шамгунова Кулпара Кабышевна сөз алып, бағдарлама аясындағы жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру саясатына сәйкес 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын, тәрбие жұмысының мазмұнын және тәрбие жұмысының жылдық жоспарын әзірлеу жайлы айтты.
Бағдарламаны талқылау барысында мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижеге тоқталды. Қазіргі қоғамда қандай құндылық жетіспейтініне тоқтала келе, оқушыларды білікті және салауатты азамат, қоғамға қызмет ететін азамат, еліне адал азамат етіп тәрбиелеп шығару үшін талап, ар-ұждан, отан сынды құндылықтарды бойына сіңіру қажеттігін атап өтті.
Семинар жоғары деңгейде өтті