01
сентябрь
2021
2021-2022 оқу жылының «Білім күні» 1-ші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған салтанатты линейка оларға «Әліппе» алғашқы оқулығын табыстаумен санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауада, мектеп ауласында дәстүрлі форматта өткізілді.
Жапек батыр ауылы №36 орта мектебінде Білім және ғылым минстірлігінің 2021 жылғы 24.08 №5-18-4\3339-И шығыс хаты негізінде 2021-2022 оқу жылының «Білім күні» 1-ші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған салтанатты линейка оларға «Әліппе» алғашқы оқулығын табыстаумен санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауада, мектеп ауласында дәстүрлі форматта өткізілді. Іс-шараға бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының біреуінің қатысуы алдын ала ескертілді.Мектебіміздің директоры Ж.Айдаркулов 1 ші сынып түлектерін алғашқы қоңыраумен құттықтап, оқушыларға «Әліппе»салтанатты түрде табыстап, жаңа оқу жылына оқушылар мен ұстаздарға тілектерін білдірді.Сонымен қатар 2-11 сыныптарда 1 қыркүйекте Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары кесте бойынша өткізілді.Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мемлекетіміздің даму тарихы, жеткен жетістіктері туралы видеоматериалдар мен ресми ақпараттар әзірледі. Бұл медиаконтент оқушыларға ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруда, дамытуға зор маңызға ие болары анық.









