16
декабрь
2021
Мектебімізде 15.12.21 күні "Тәуелсіздік жетістіктері"тақырыбында мерекелік кеш болып өтті
Мектебімізде 15.12.21 күні "Тәуелсіздік жетістіктері"тақырыбында мерекелік кеш болып өтті.Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Осы жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Іс - шара барысында мектебіміздің директоры Ж.Айдаркулов Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен құттықтап, мұғалімдерді марапаттады.
#36 орта мектеп
Видеоға сілтеме
Видеоға сілтеме 2