07
ноябрь
2024
«Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-ҮІ ҚРЗ кодексі 15 тарау,99 баптың 3 тармақшасын «АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелерін білім беру жүйесіне және жұмыс орындарында интеграциялауды»
«Халықтың денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-ҮІ ҚРЗ кодексі 15 тарау,99 баптың 3 тармақшасын «АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелерін білім беру жүйесіне және жұмыс орындарында интеграциялауды» орындау мақсатында Іле ауданы, Жапек батыр ауылы, 36 орта мектептің биология пәні мұғалімі Махашева Г, медбике Ж.Бекмұратова “ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес” тақырыбында дәріс өткізді. АИТВ/ЖИТС ауруының жұғу жолдарын, оның алдын алу тәсілдерін, ауру белгілерімен таныстырылып видеоматериал көрсетіліп, баяндама оқылды. Мектебіміздің 9,10,11 сынып оқушылары қатысып, мағлұматтар алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоя отырып, кері байланыс алды.