"Қызықты физика" еліне саяхат » №36 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қызықты физика" еліне саяхат
29
апрель
2017

"Қызықты физика" еліне саяхат

«Жаратылыстану» апталығының аясында физика және химия пәндерінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7-9сыныптар аралығында жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру мақсатында «Қызықты тәжірибелер жасай білесің бе?!» атты сабақтан тыс іс-шара болып өтті. Бұл сабақта оқушылар өздері ізденіп үй тұрмысында жасай алатын бірнеше қызықты тәжірибелерімен өзге оқушыларды тәнті етті. Әр түрлі деңгейдегі тәжірибелерді жасап, оның физикалық, химиялық мағынасын оқушылардан сұрады. Жауап бере алмай қалған жағдайда өздері себебін түсіндірді. Сабақ оқушылардың көңілінен шықты.

«Жаратылыстану» апталығының аясында физика пәнінің мұғалімі К.Р.Ембергенованың ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында физика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында «Қызықты физика» атты сабақтан тыс іс-шара сайыс түрінде болып өтті. Сайыс сабағы 9 турдан тұрды.

1) Таныстыру (әр топ тобын, эмблемасын айту);

2) «Кім жылдам?» (викториналық сұрақтар); көрермендер де қатысып өз ұпайын өз тобына бере алады.

3) «Ойланайық, ойлайық!» (логикалық есеп, логикалық сұрақ);

4) «Кім тапқыр!» (топ басшысына 1 есеп беріледі);

5) «Бәйге» (физикалық шамалар, тұрақты шамалар, формулаларды сәйкестендіру);

Адасқан әріптерден сөз құрау

6) «Ойлан тап!» ұпай ұяшықтарын таңдап, жауап беру

7) «Формула» сайысы. Физикалық бір шама беріледі. Сол шамаға қатысты формулалар жазып шығу керек.

8) «Тіл - өнер» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай

9) «Қызықты тәжірибе» тәжірибе жасап көрсету

«Ғарышкерлер», «Ньютон», «Найзағай» топқа бөлінген оқушылар өздерінің жақсы дайындығымен көзге түсті. Әр түрлі тығырықтан шығудың жолын тез таба білді. Бір-бірден қызықты тәжірибелерін көрсетіп, өзге оқушыларға ой тастады. Әр тур өз ерекшелігімен мұғалімнің шеберлігімен дайындалғаны көрініп тұр. Сайыс сабағы қызықты әрі тартысты түрде өтті.

"Қызықты физика" еліне саяхат

 

Похожие публикации:

21 апрель 2017 "Көктем аруы-2017"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив