Математика, физика пәндер онкүндігі

№ 36 орта мектеп МКМ

«Әлем-нақты ғылым тілінде сөйлейді»
атты математика, физика
пәндер апталығының
қорытынды есебі
2022 – 2023 оқу жылы
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты - пәндік онкүндік болып саналады.
Қараша айының 15-24 күндер аралығында мектепте математика, физика пәндер онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Онкүндіктің мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, математика, физика пәндерін оқыту арқылы оқушылардың білімдерін тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабылеттерін дамыту.
Онкүндік барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, логикалық сұрақтар сайысы, . сыныптан тыс іс- шаралар.
Онкүндік ағымында келесі іс-шаралар өткізілді: 15 қараша – Онкүндік ашылуы. Онкүндікте өткізілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар жоспарымен таныстырылды.
Әр күн сайын сағ: 11.05-11.20 уақытында «Математика, физика жәрмеңкесі» өткізілді. Ол жерде оқушыларды қызықтыру мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
16 қараша – Г.Мирзахмедова 9 «б» сыныбында «Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ мақсаты: Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінін есептеу формулаларын үйрету
Сабақ түрі: ашық сабақ
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Сабақ барысында оқушылар өз белсенділіктерін көрсете білді. Сабақ өз мақсатына жетті. Мұғалімге ұсыныс ретінде сабақта өзі көбірек сөйлегеннен гөрі оқушыларға мүмкіндік беру керектігі айтылды.
18 қараша – Д.Бакишева 8 «В» сыныбына «Квадрат теңдеулерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ мақсаты: квадрат теңдеудің анықтамасымен, толымсыз квадрат теңдеулер және оларды шешу жолдарымен, келтірілген квадрат теңдеудің анықтамасымен танысады.
Сабақта: көршіңді тексер әдісі, магнитті тақтамен бағалау, «ойлан, жұптас, бөліс» әдістері пайдаланылды. Сабақ өз деңгейінде өтті.
21 қараша- Г.Тукадилова 9 «А» сыныбына «Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ мақсаты: Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінін есептеу формулаларын сипаттамалық қасиетін білу және қолдану
Сабақта: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, «ойлан тап», «ойды аяқта» әдістері пайдаланылды. Сынып оқушылары белсенді, сабақ өз деңгейінде өтті.
21 қараша – Математика пәні мұғалімі Аяпберген К 6 «А» сыныбына «Рационал сандарды бөлу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ мақсаты: Рационал сандарды бөлу тақырыбын меңгереді;
Алған білімдерін есеп шығаруда қолданады.
Мұғалім сабағын «көршіңді бағала» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеруден бастады. Сабақта: ширату сұрақтары, қарқын тәсілі диалог және қолдау көрсету тәсілдері пайдаланылды.
22 қараша – Адилжанова Л 5 «Д» сыныбына «Аралас сандарды қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ мақсаты: бөлімдері бірдей сандарды қосу және азайтуды орындау;
бөлімдері әртүрлі сандарды қосу және азайтуды орындау
Сабақ ойын сабақ ретінде өтілді. Тик-ток желісі арқылы өткізілген сабақ өте қызықты әрі тиімді тәсілдердің бірі болды. Сабақ атаулы жылдармен байланыстырыла отырып өткізілді.
22 қараша – Математика пәні мұғалімі Айдаркулова Г 6 «Ә» сыныбына «Рационал сандарды бөлу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ мақсаты: Рационал сандарды бөлу тақырыбын меңгереді;
Алған білімдерін есеп шығаруда қолданады.
Мұғалім сабағында: «дөңгелек әдісі», жқптық жұмыс, топтық жұмыстарды тиімді пайдалана білді.
22-қараша 8 «Ә» сыныбында Ембергенова Қ.Р. «Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициенті» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициентін анықтау;
Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдадын ұсыну
Мұғалім «Жарғы келді, жарғы кетті» әдісі арқылы сабақты үй тапсырмасын сұрап, өткен сабақты қайталау арқылы сұрап өтті. Тапсырмалар беру арқылы «Молекулалар қозғалысы» әдісін пайдаланды. «Жаңбыр тамшысы» әдісі арқылы оқулықтағы тапсырмаларды орындатты. Сабақ өз деңгейінде өтті. Сынып оқушылары белсенді өз білімдерін көрсете білді.
24-қараша 7-8 сыныптар арасында Қ.Ембергенова мен З.Ибраимованың ұйымдастырумен «Эсперименталды физика» сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді.
Сабақ сайыс сабақ түрінде өткізілді. Сабақ кезеңдері:
- Таныстыру
- Жорға
- Тапқыр болсаң -тауып көр
- Бәйге
- Кім жылдам
Әр кезең бойынша оқушылар сайысқа түсті. Сабақ барысында физикалық тәжірбиелер көрсетілді. Балалардың сабаққа деген қызуғушылықтары арта түсті. Сабақ қызықты әрі өз деңгейінде өтті.
Іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. Барлық іс-шаралар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсенді тақтаны тиімді пайдалана білді.
Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. «Математика, физика жәрмеңкесі» бойынша әр күнгі жеңген оқушылар арасында сайыс өткізіліп тағыда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқушы анықталды.
Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі: Бакишева Дария Канарбековна



