Жас мамандардың жылдық есебі
Жас мамандардың жылдық жұмыс есебі
Директордың әдістеме-ісі жөніндегі орынбасары Омаргазина Жанар Забировна тәлімгерлер және жас мамандар қатысуымен атқарылған жұмыстар бойынша жылдық есеп беру өткізді. Оқу- тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы мектебіміздің Жас мамандары тәлімалышулырға тәжірибелік көмек көрсету, теориялық және практикалық білімдерін жетілдіре Іс-тәжірибесін жинақтап, бүгін жас мамандар жылдық жұмысының есебін берді. Ұстаздық жолында шығармашылық табысқа ұмтылған мектептің жас мұғалімдері ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектерінде жауапкершілікті жоғары бағалайтынын аңғартты. Ұстаздар мектепте өткен оқу-тәрбиелік іс-шараларға, қоғамдық жұмысқа белсене араласып, өздерін басқа да қырларынан таныта алды. Кездесу барысында «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Туребекова Гулмира «Маман болып қалыптасуда қандай кедергілерге кезіктің және оны қалай шештің?» тақырыбында жас мамандардан бастапқы сауалнама алды. Сауалнама қорытындысы бойынша жас мамандарымыздың бәрі өз мамандығын дұрыс таңдап, педагогикалық жұмысқа саналы түрде келіп, мектеп жұмысының сапасына көңілі толатындықтарын, мамандық ауыстыру туралы ойылары жоқ екенін жеткізді. Жас мұғалімдер өз білімдерін шыңдау үшін тәлімгерлерінің сабағына үнемі қатынасып тәжірибе жинақтайтыны туралы атап өтті. 
