14
март
2021
«1-Наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс»күніне орай өткізілген іс – шаралар
«1-Наурыз- Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс»күніне орай өткізілген іс – шаралар .«Біздің міндет-бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында 1-11 сыныптық ата-аналар жиналысы болып,сынып жетекшілер ата-аналармен оқушылардың қауіпсіздігі туралы әңгіме жүргізді. Апатты жағдайлар және олардан сақтану сынып сағаты«Жас құтқарушы үйірме жетекшісі А.Қақпақов өткізді. Өрт,су тасқыны,жер сілкінісі –бала көзімен сурет көрмесін сурет пәнінің мұғалімі Н.Омаргазина ұйымдастырды. АӘД мұғалімі
А.Қақпақов пен К.Қожамұратов «Жер сілкінісі кезіндегі және одан кейінгі халықтың іс-қимылдары»бойынша арнайы жаттығулар жасады.Жер сілкінісі кезінде жарақат алған жағдайда қалай көмектесу керек екенін мектеп медбикесі Ж.Бекмұратова түсіндіріп өтті. Сонымен қатар "Өрт болған жағдайда қалай өшіру керектігі жөнінде АӘД пәнінің мұғалімі А.Қақпақов 12.03.21 күні жаттығу сабағын өткізді.










'
