20
ноябрь
2024
Қыздар жиналысы
Средняя школа №36нде 2024 жылдың қараша айының 19 күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Шамғұнова 8-11 сынып оқушылары арасында квадробинг мәселесі аясында түсіндіру жұмыстары жүргізді.Балалардың жануарларға еліктеп ,өздеріне жайлы орта құруы,олардың құрдастарымен дұрыс қарым қатынас құра алмауынан,өзін жалғыз сезінуінен болуы мүмкін.Сонымен қатар квадробинг ауыр психологиялық бұзылулардың симптомы болуы мүмкін.Мысалы аутизм,шизофрениямен немесе басқа аутизм спектірінің бұзылуымен байланысты ауытқулары бар балаларда квадробингке құмарлығы болуы мүмкін.Бұл жағдайларда баланың мінез-құлқына назар аударып,баланың қоғамдағы қалыпты жұмыс істеу қабілетіне кедергі болмауы үшін мамандардың көмегіне жүгіну керек. (психиатор,дәрігерлер,психологтар) Барлығы-240 оқушы қатысты.