МИФ апталығының қорытындысы » №36 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №36"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » МИФ апталығының қорытындысы
03
май
2022

МИФ апталығының қорытындысы

№ 36  орта  мектеп МКМ
 

«Әлем-нақты ғылым тілінде сөйлейді»

атты математика, информатика және физика

пәндер апталығының

қорытынды есебі


2021 – 2022 оқу жылы


         Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу-  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Осындай   жұмыстың маңызды бір бағыты - пәндік онкүндік болып саналады.  

Қараша айының  10-20 күндер аралығында  мектепте математика, информатика және физика пәндер онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында   қаралып талданды  және бекітілді. 

Онкүндіктің мақсаты:Сабақтың сапасын арттыра отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, білімін, қызығушылықтарын   және  логикалық    ойлау   қабылеттерін  дамыту.

Онкүндік барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай  өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, логикалық сұрақтар сайысы,  . сыныптан тыс іс- шаралар.

Онкүндік ағымында келесі іс-шаралар  өткізілді:  10қараша – Онкүндік ашылуы.Онкүндікте өткізілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар жоспарымен таныстырылды.

12 қараша– Аяпберген К, Хашабай Н ұйымдастырумен 5- сыныптар арасында «Қызықты математика» сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді. 

Сабақ мақсаты: Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде қолдана алуға үйрету. 

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Көрнеклігі: интербелсенді тақта

Сабақ 8 бөлімнен құралған. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінген. Сабақ барасында түрлі логикалық есептер, математикалық оқулар, ойлан тап, жұмбақтар түрлі тапсырамалар болды. Сынып оқушылары белсенді, жылдам екендіктерін, өздерінің білімдерін, математикаға деген қызығушылықтарын таныта білді. Пән мұғалімдері АКТ тиімді пайдалана білді. 

15-қараша 

  1. 10 «Ә» сыныбында Ембергенова Қ.Р. «Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты: Идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және изопроцестер графиктерін ажырату.

Мұғалім «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақты үй тапсырмасын сұрап, өткен сабақты қайталау арқылы сұрап өтті. Тірек сызбасы арқылы сәйкестендіру тапсырмалары берілді. Интербелсенді тақтаның көмегімен жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, оқушыларда жұптық жұмысты тиімді пайдалана білді. Жұптық жұмыс, жеке жұмыстар жүргізілді. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынды.

  1. Математика пәні мұғалімі Бакишева Д.К 10 «А» сыныбына «Қарапайым тригонометриялық теңдеулер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ мақсаты: Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу

Мұғалім сынып оқушыларын қима қағаздаы арқылы 4 топқа бөлді. «Синустар», «Косинустар», «Арксинус», «Арккосинус» әр топтан өз аттарына қатысты қайталау сұрақтарына жауап берді. Мұғалім оқушыларға қима қағаздарын таратып онда cosa, sina, arcsina, arccosa функиялары жалпы қалай аталатыны және теңдеудің түрлерін жазу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашты. Тригонометриялық функциялардың өмірде қай жерде қолданылатынын интербелсенді көмегімен көрсете отырып, жаңа сабақты түсіндіріп өтті. Әр топ оқушыларына «Ойлан, жұптас, бөліс» тәсілі арқылы тапсырамалар беріліп орындалды. Сабақ соңында «БББ» кестесі арқылы кері байланыстар алынды. Школьникам берілген таратпа парақшалары арқылы және дескрипторлар арқылы сынып оқушыларын бағалады. 

  1. Математика пәні мұғалімі Адилжанова Л.А 6 «А» сыныбына «Рационал сандарды бөлу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

Сабақ мақсаты: Рационал сандарды бөлуді орындау

Мұғалім оқушыларға психолгиялық ахуал орнату арқылы сабақты бастады. Өткен сабақты қайталау бойынша «өзіңді тексер» әдісін тиімді пайдалана білді. Сонымен қатар ауызша тапсырмалар орындатты. Мұғалім сабақты түсіндіре отырып рационал сандарды бөлу тақырыбын аша білді. Сыныпта «жұптық жұмыс», жеке жұмыс, оқулықпен жұмыс орындалды. Сонымен қатар сергіту сәтінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін логикалық есептерді интербелсенді тақта көмегімен оқушыларға орындата білді. 

16 қараша-  5 «Ә» сыныбында  Хашабай Н «Аралас сандар» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ мақсаты: аралас сандар анықтамасын білу. Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру

Мұғалім сынып оқушыларын топқа бөлу арқылы жаңа тақырыпты қызықты өте білді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып өз білімдерін көрсете білді. Сабақта интербелсенді тақта пайланылды. Топтық, жеке жұмыстар орындалды.

17 қараша:

  1. 8 «А» сыныбына Тукадилова Г.Т  «Квадрат теңдеулерді шешу»  тақырыбында ашық сабақ өтті. 

Сабақ мақсаты: квадрат теңдеулерді шешу

Мұғалім сабақты оқушыларды «шаттық шеңбері» арқылы жылы лебіздер білдіру арқылы бастады. Үй тапсырмасын тексеруде «Ақиқат пен жалған» әдісі арқылы оқушылармен жеке жұмыс жүргізді. «Дұрыс, бұрыс» әдісі арқылы өткен сабақты қайталап өтті. Оқушыларды мадақтау арқылы бағалады. «Бірге ойлайық» әдісі арқылы сабақтың мақсатын аша білді. Басбармақ әдісі арқылы бағалады. «Джиксо» әдісі арқылы тақырыпты түсіндірді. Сергіті сәтінде «Жаңылыспаймын» әдісін пайдаланды. Оқушылармен жеке жұмыстар жүргізді. Обратная связь кезінде «Сөйлемді толықтыр» әдісі пайдаланды. Сабақ соңында мұғалім оқушыларды сабаққа қатықандарына қарай мадақтай отырып бағалап шықты.

  1. Математика пәні мұғалімі Аяпберген К 5 «А» сыныбына «Аралас сандар» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ мақсаты: аралас сандар анықтамасын білу. Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру

Мұғалім сынып оқушыларын жұптық жұмыс арқылы үй тапсырмасын тексеріп шығуға тапсырмалар берді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты бүгінгі сабақпен байланыстыра білді. Жаңа тақырыпты бастарда «Венн диаграммасы» әдісі арқылы аралас сан, бұрыс бөлшек ұғымдарын жазды. Интербелсенді тақтаны қолдана отырып, оқушылар қызығушылықтарын арттырып, логикалық тапсырмаларды кіріктіре отырып тиімді әдіс-тәсілдер пайдалана білді. Сабақ соңында оқушыларды «Бағдаршам» әдісімен бағалады.

18-қараша-3 «А» сыныбына Уанасова К.С «Дыбыс» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ мақсаты: арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару

Мұғалім оқушыларға «Өзіме тілек» әдәсі арқылы түрлі-түсті стикерлерге тілек жазып жанындағы оқушыға беру арқылы сабағын бастады. Оқушыларды «Санамақ» әдісі арқылы топқа бөлді. Жаңа тақырыпты өзі түсіндіріп өтті. Оқушылар: қандай программалар дыбысты файлдарын тыңдауға арналғанын, жазылған дыбысты қалай өңдеу керектігін, дыбыстық әсер туралы сынып ішінде талқылап, топтар бірін -бірі бағалады. Сабақ соңында стикерлер арқылы кері байланыстарын жасап, смайликтерге жабыстырды.

19 қараша- 9 «А» сыныбына математика пәні мұғалімі Мирзахмедова Г «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ мақсаты: арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану

Мұғалім оқушыларға логикалық тапсырмалар беру арқылы «Миға шабуыл» әдісін пайдаланды. «Кім жылдам?» әдісі арқылы интербелсенді тақтаның көмегімен топтарға сұрақтар берілді. Слайд арқылы бүгінгі сабақты түсіндірді. Школьникам оқулықпен жұмыстар жасатты. Сынып оқушылары сабаққа белсене қатысып отырды.


Сонымен қатап онкүнде «Макеттер» сайысы болып өтті. Макет жасау бойынша

 10 «Б» сынып оқушылары 1 орын, 10 «А» сыныбы 2 орын, 7 «А» сыныбы 3 орынды иеленді. Сайыс соңында жеңімпаздар мақтау қағазымен марапаттталды.

Іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін,  логика   мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын  көрсетіп, қосымша да білім алды.  Барлық іс-шаралар  жақсы   деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсенді тақтаны тиімді  пайдалана білді.

Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді.  Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.


Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз  – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.


Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі: Бакишева Дария Канарбековна



  




 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив