01
September
2020
1- қыркүйек Білім күні
Іле ауданы, Жəпек батыр ауылы 36 орта мектебінде« 1-қыркүйек – Білім күні мерекесін өткізу туралы 28 тамыз 2020 №168 бұйрығы негізінде оқушылардың,педогогтардың,ата-аналардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету,сондай – ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қашықтықтан болып өтті. Мектебіміздің директоры Ж.Айдаркулов 1 ші сынып түлектерін алғашқы қоңыраумен құттықтап,жаңа оқу жылына оқушылар мен ұстаздарға тілектерін білдірді.Сонымен қатар мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Р.Кучкарова былтырғы жылғы жетістіктерге тоқтала кетіп,жаңа оқу жылының бұйрығымен таныстырып өтті.Ардагер ұстаз Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иесі И.Қызайбеков ата-аналар мен ұстаздарды,оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап,батасын берді. Алғашқы қоңырау мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығы,Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы,Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерекелік даталары төңірегінде құрылып 1-11 сыныптар арасында адалдық сағаттар болып өтті."Сәлем,саған,мектебім!" -құттықтау, таныстыру, мектептің ішкі ережелері.2-4 сыныптар "Конституция - біздің болашағымыз"- құқықтары, міндеттері, қауіпсіздік.5-8 сыныптар- "Ұлы Абай", Абай- дана,Абай-дара " А.Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығына орай
9-10- сыныптар Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай " Әл-Фараби мұралары"тақырыптары қамтылды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=762037541247616&id=100023241300899
9-10- сыныптар Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай " Әл-Фараби мұралары"тақырыптары қамтылды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=762037541247616&id=100023241300899