01
May
2025
"1 Мамыр - Бірлік күні"
Бірінші Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – бұл Қазақстанда жыл сайын 1 мамырда тойланатын мемлекеттік мереке. Бұл күн елдегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын, бірлігін дәріптейді.
Мерекенің маңызы:
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүруде.
Бұл мереке барлық ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп, татулықты, бейбітшілікті нығайтуға бағытталған.
Әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің өзара байланысын көрсететін ерекше күн.