09
December
2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебімізде сурет көрмесі өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебімізде сурет көрмесі өтті. Көрмеге 5-8 сынып оқушылары қатысты. Көрменің мақсаты ,өскелең жас ұрпаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың суреттері арқылы олардың ойларын, көзқарастарын білу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар адам құқықтары жайлы түсініктері қалыптасады;
Оқушылардың белсенділіктері мен қабілеттері артады;
Жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Көрмеге 5сынып оқушысы Асқар Іңкар,Унербай Ақниет, Бақашар Жібек,6 сынып оқушылары Тоқтасын Айзере,Бақберген Жансая, Тұрсынжан Ләзина, 8сынып оқушысы Амренов Марғұлан, Бейсенай Сәуірбектің жұмыстары ерекшелігімен көзге түсті. Үшінші орынды Асқар Іңкар,Унербай Ақниет; Екінші орынды Бақберген Жансая, Шалқарқызы Іңкар,Тұрсынжан Ләзна; Бірінші орынды Амренов Мағұлан иеленді.
Барлық қатысушыларымызға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. Өнерлерің өрге жүзе берсін. Шығармашылық табыс тілейміз!Сонымен қатар көркем еңбек пәнінің мұғалімі Т.Тлеужановтың ұйымдастыруымен 8-11сынып оқушылармен қабырға газеттер байқауы болып өтті.


