«Алғыс айту» күніне орай өткізілетін іс-шаралардың жоспары құрылды
«Almaty region білім басқармасының Ili districtбойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырмасына сәйкес № 36 орта мектепте «Алғыс айту» күніне орай өткізілетін іс-шаралардың жоспары құрылды. «Алғыс айту» күнінің мақсаты – оқушыларды үлкенді құрметтеуге, бір-бірін сыйлауға, ұлтымыздың қадір-қасиетін терең сезіне білуге үйрету. 20 ақпан күні сағат 10.00-де бір мезетте 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» тақырыбында эссе байқауы өтті. Эссе байқауының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, Қазақстан халқының бірлігін, достығын нығайту және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Байқауға 8-9 сыныптар түгел қамтылды. Schoolchildren эссенің шарты, мақсаты түсіндіріліп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жазғызылды. Қатысушы оқушылардың жалпы саны – 186. Эссе байқауының нәтижесінде 8 сыныптар арасында 8 «а» сынып оқушысы Тоқтасын Айзеренің жазбасы үздік деп танылса, 9 сыныптар арасында 9 «ә» сынып оқушысы Қосдәулет Диляраның жұмысы үздік деп танылып, екі оқушының жазба жұмыстары ауданға жолданды. 17-20 ақпан аралығында 1-11 сыныптар арасында өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен алғыс айту күніне арналған «Алтын жүрек» челленджі өтті. Оқушылар ұстаздарына, достарына, ата-аналарына жүрекжарды тілегін айтты. 20.02-01.03.2023ж аралығында «Ұстаздарға мың алғыс» атты алғыс айту акциясы өтті. Ұстаздардың оқушыларға берген білімі мен тәрбиесіне ризашылық білдірген оқушылар өз жылы лебіздерін бейнеролик арқылы жеткізді. 20.02.-01.03.2023ж күні әлеуметтік педагог М.Рахметованың ұйымдастыруымен «Мейірімді қоғам» қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында жәрмеңке ұйымдастырылды, жиналған қаражатқа жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік алынып берілді. 20.02 -01.03.2023ж аралығында 1-4 сыныптар арасында «Алғыс – жүректің естелігі» атты сурет байқауы өтті. 1-2 сыныптар арасында Ә.Кинашбаева өткізсе, 3-4 сыныптар арасында Қ.Сұлтанбаева оқушылар арасында сурет байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – балалар арасында мейірімділікті насихаттау, алғыс сезімін бойларына сіңіре білу. 20.02-01.03.2023ж аралығында «Алғыс айту» күніне орай 1-11 сынып жетекшілері сынып сағаттарын өтті. Оқушылар «Алғыс айту» күнінің мәні мен маңызын терең түсінді. Барлық өткізілген іс-шаралар мектептің әлеуметтік желілердегі парақшаларына жарияланып отырды.


