12
October
2023
“Төрт тоқсан - төрт өнер” жобасы
“Төрт тоқсан - төрт өнер” жобасы аясында Жәпек батыр ауылы N 36 орта мектебінің 5 “А” сыныбында Алаштың аяулы азаматы, Құлмамбеттің құлыны Оразалы Досбосыновқа арналған “Айтыстың ақтаңгері - Оразалы” тақырыбында таныстырылым сабақ өтті. Оқушылар от ауызды, орақ тілді айтыскер ақынның жасындай жанып өткен қысқа ғұмырындағы атқарған ісімен, өмірімен, өлеңдерімен, айтыс сахнасындағы орнымен танысып, көп мәлімет алды. Сынып жетекшісі - Хайруллина Айдана Ерлановна