Жаратылыстану пәндер бірлестігінің онкүндігі
«Жаратылыстану бірлестік онкүндігі»
Тақырыбы: «Жаратылыстану-ғажайыптары»
11.04.23ж – 20.04.23ж
Мақсаты: Жаңашылдық педогогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, дарындылыққа тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті бойына қалыптастыру.
Заман талабына сай білім беру арқылы, оқушылар мен әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып,өз беттерімен ізденіп жаңашылдыққа баулу;
ӘБ-тік өзекті мәселесі: «Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу» арқылы сапалы білім негізі ретінде оқып үйреніп, тәжірибеде қолдана отыра, қазіргі заман талабына сай оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Бірлестік мұғалімдері өз сабақтарын белгіленген іс-шаралары бойынша ұйымдастырып өткізді.8-сыныптар арасында «Көсбасшысы-2023» сыныптан тыс іс-шара сайыс сабаққа және макет дайындауда, оқушылар аса жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатысты. 8 «ә» сынып оқушылары Серік Аяужан мен Ешмахан Ақерке,8 сынып оқушылары Рамазанова Даяна, Қанатұлы Аян және т.б оқушылар белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Еркін Рауия «Негіздердің қасиеті» 8 «В» сыныбымен, Праш. Г. «Салыстырмалы елтану» 10 «А» сыныбымен, Рыскелдиева.М. «Алкандар» 9 «Ә» сыныбымен, Ожикенов. Ж. «Терінің құрылысы мен қызметі,оның маңызы» 8 «В» сыныбында, Абаева Ж. «Ағзаларды тірі табиғат дүниелеріне жіктеу» тақырыбында 5 «Д» сыныбында ашық сабақтар өткізді.


