10
февраль
2025
Матиматика онкүндігі
10.02-17.02 аралығында мектепте 5-11 сыныптар арасында "Математика, физика " пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. Ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, кештер өз деңгейінде өтті. Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні «Сандар сөйлейді .Заңдылықтар өмір сүреді .» деген тақырыпта апталықтың ашылуы өткізілді. Пән болып киінген оқушылар шығып тақпақтар оқыды, математикалық ертегіден көрініс көрсетті. Кеш өте қызықты өтті.Соңғы күні апталықтың қортындысы өткізілді. Апталық іс-шараларына қатысқан ұстаздар, өз пікірлерін айтты. Пікірлер бойынша іс-шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері білдірілді.
Апта бойы сайысқа қатысып белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.


Апта бойы сайысқа қатысып белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.

