02
September
2019
Мектептің ішкі тәртібі
«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры Ж.Айдаркулов
№36 орта Мектептің ішкі еңбек тәртібі туралы
I.2019-2020 оқу жылына мектеп қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібі ережесін қабылдау.
(Еңбек тәртібінің ережесін бұзғандар жауапқа тартылады.)
Мектеп қызметкерлерінің негізгі міндеттері:
Мектеп директоры Ж.Айдаркулов
№36 орта Мектептің ішкі еңбек тәртібі туралы
I.2019-2020 оқу жылына мектеп қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібі ережесін қабылдау.
(Еңбек тәртібінің ережесін бұзғандар жауапқа тартылады.)
Мектеп қызметкерлерінің негізгі міндеттері:
- Мектеп жарғысында жүктелген ішкі тәртіптің ережелерін қатаң сақтауға тиісті.
- Еңбек тәртібін сақтау үшін, уақытында жұмысқа келу, жұмыс мерзімінің ұзақтылығын сақтау, әкімшіліктің тапсырмасын нақты орындау.
- Жұмыс сапасын жақсарту және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтау.
- Шығармашылық бастама көтеру, еңбекті жоғары дәрежелі жетістікке жетуге бағыттау.
- Қаралған ережелермен нұсқауларға сәйкес техника қауіпсіздігін сақтау, еңбекті қорғау, өндірістік, санитарлық-гигиеналық жұмыстардың орындалуын, өртке қарсы ұйымдастырылатын шаралардың талаптарының орындалуын қатаң сақтауы қажет.
- Құжаттармен материалдық құндылықтардың дұрыс сақталып күтілуіне мән беру.
- Су мен электр энергиясын үнемдеп пайдалануға, оқушыларды мектеп мүлкін аялап қорғауға тәрбиелеуге.
- Нұсқауға сәйкес көрсетілген уақытта медициналық тексеруден өту әрбір қызметкердің міндеті.
- Мектептің педагогтары сабақты жүргізу кезінде және үзілісте балалардың денсаулығы мен өміріне тікелей жауап береді.
- Оқушы жарақат алған жағдайда тез арада әкімшілікке хабарлау қажет.
- Оқушы сабаққа кешіккен жағдайда мұғалім сынып жетекшісіне және кезекшіге /директордың орынбасарына/ ескерту қажет. Мұғалім кешіккен оқушыларды сабаққа кіргізбеуге құқы жоқ.
- Сабақ басталғанға дейін кабинеттердің есіктері ашық болуы тиіс.
- Үзіліс кезінде оқушыларды сыртқа шығарып, кабинетті желдету тиіс.
- Кабинетке тазалық жұмыстары оқушылардың күшімен жүргізіледі, оны қадағалауға сынып жетекшісі жауапты. Егер мұғалім әр кабинетте ауысып жұмыс істесе, әкімшіліктен тағайындалған кезекшіге кілтті соңғы сабақ аяқталғаннан кейін тапсыру керек.
- Педагог қызметкерлерге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін оқушыларды алып қалуға төмендегі жағдайда ғана рұқсат етіледі:
- Класс сағаттары мен жиналыс өткізілген уақытта.
- Сыныптағы және мектептегі іс-шараларға дайындық жүргізген кезде.
- Сыныпта және жалпы тазалық жұмыстарын жүргізгенде, кезекшілік уақытысында.
- Сынақ және қосымша сабақтар жүргізілген жағдайда.
- Басқа жағдайда әкімшіліктің келісімімен жүргізіледі.
- Өрт немесе басқа да табиғи апаттар кезінде мұғалімдер бекітілген эвакуациялық жоспар бойынша жұмыс жүргізіледі.
- Мемлекеттік стандарт нормасын пәндер бойынша орындауға;
- Сынып жетекшілік міндетін атқаруға;
- Ата-ана мен жұмысты жан-жақты дұрыс жүргізуге;
- Дәптерді, күнделікті өз уақытында тексеруге;
- Мектепте мектепішілік мұғалімдер кезекшілігін атқаруға;
- Оқу процесі кезінде мектепте оқушылардың өміріне, денсаулығына жауап беруге;
- Мектеп басшыларының бұйрығымен нұсқауларын орындауға;
- Өз бетімен білімін жетілдіруге;
- Мектептің ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауға;
- Мектеп, ауыл, аудан, облыс көлемінде атқарылатын қоғамдық жұмыстар мен іс-шараларға қатысуға;
- Мектептен тыс жерде мектепке қатысты мектептің ішкі жағдайы туралы мәліметтерді жарияламауға ҚР «ЕТЗ» -26 бабы, 12 т.
- Мектеп ұжымының моральдық–психологиялық климатын дұрыс сақтауға;
- Қоңырау кезінде оқушылардың тәртібіне, денсаулығына жауап беруге;
- ҚР Үкіметінің саяси идеологиялық бағытын халыққа дұрыс насихаттауға;
- Government servicesкерлердің тәртібі мен әдебін /этикасын/ сақтауға;
- ҚР «Еңбек Кодексін» қатаң түрде сақтауға мідетті;
- Мемлекеттік тілде сөйлеуге және іс-құжаттарды жүргізуге;
- Педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін кәсіподақ ұйымымен келісе отырып, мектеп директоры белгілейді.
- Арнайы қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы кесте бойыша мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша орындалады. Хатшы мен зертхана қызметкерінің, есепшінің жұмыс істеу уақыты сағат 9.00 -18.00 –ге дейін. Кітапханада жұмыс кестесі көрсетіледі.
- Teachers сабақ басталудан 15 минут ерте келеді. Олар кабинет тазалығын тексеріп, дайындық жұмыстарын жүргізеді. Сабақ аяқталғаннан кейін 20 минуттан кейін қайта алады. Мұғалімнің сынып оқушыларының барлығын үйлеріне жібереді, есікті бекітеді.
- Мектеп әкімшілігі сабақ басталуға жарты сағат қалғанда келу тиіс.
- Мектепте педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақыты сағат 8.00-де басталады.
- Оқушылардың кешігуіне немесе үзілістен кейін сыртта жүруіне жол берілмейді.
- Мұғалім қоңырау соғылғанан кейін сабақты бастауға тиіс.
- Сабақ уақытында мұғалім кабинетте болмаса «жұмыс орнында жоқ» деп саналады.
- Teachersдің кезекшілік кестесі кәсіподақ ұйымының жоспары бойынша бекітіледі.
- Administration пен кәсіподақ бірігіп кезекші мұғалімдердің қызметтік міндеттерінің орындалуын қағалайды.
- Мектептегі асхананың тазалығын, астың сапасын мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер бақылап, қадағалауы тиіс.
- Сынып жетекшісі асханаға оқушыларды мезгілінде апаруға міндетті.
- Директордың ТІЖ орынбасар мұғалімдердің асханадағы кезекшілік кестесін жасап, оның орындалуын қадағалауға тиіс.
- Директордың ОТІЖО мұғалімдер мен оқушыларға ауыстырып оқыту /замен/ жөнінінде бір күн бұрын хабарлап айтуы тиіс.
- Teachers үшін маусымдық демалыс/күзгі, қысқы, көктемгі каникул/ кезі жұмыс уақыты болып есептеледі.
- Педагогикалық кеңес – аптаның бір күннен белгіленіп, бір тоқсанда бір рет өткізіледі.
- Сабақ қоңырау соғылғанда басталып, қоңырау соғылғанда аяқталуы тиіс.
- Сабақтың әрбір минуты оқушылардың сапалы ойлауы мен белсенді әрекетін іске асыруға арналуы керек.
- Сабақ барысындағы мұғалімнің жеке қызметі білімдік және тәрбиелік мақсатының орындалуына бағытталады.
- Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындалып келуін талап етуі тиіс.
- Мұғалім сабырлы болуы қажет. Сыныпта тәртіп орнатуы үшін мұғалім түрліше әдістемелерді меңгеруі қажет.
- Schoolchildren айқайлауға, оларды бағыттауға жол берілмейді.
- Оқушының тәртібін жақсарту үшін қажет жағдайда психолог маманның көмегіне жүгінуге болады.
- Дәптердің дұрыс, талапқа сай толтырылуы мен жүргізілуін пән мұғалімдері қадағалауы және үнемі тексеріп отыруы тиіс.
- Оқушы мен мұғалім арасындағы сыйластық сақталуы тиіс.
- Тәрбие мен білім берудің басты жетістігі – сапалы кәсіби біліктілік, соған ұмтылып, бірлесіп жұмыс істеу.
- Teachers мен қызметкерледің жұмыс тәртібінің сақталуын бақылау және қадағалауды мектеп әкімшілігімен кәсіподақ ұйымы өз жауапкершілігіне алады.
- Өз мүмкіндігіне қарай сабақ кестесін өзгертуге;
- Сабақ мерзімін ұзартуға, қысқартуға және ауыстыруға;
- Оқушыларды кабинетте қараусыз қалдыруға, шығарып жіберуге;
- Сабақ уақытысында басқа педагог қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіруге;
- Педагогикалық кеңес.
- Директор жанындағы отырыс.
- Әдістемелік кеңес
- Әдістемелік бірлестіктің кеңесі .
- 2 аптада бір рет жүргізілетін жоспарлы жиналыс.