Әдістемелік нұсқаулық хат
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.
2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:
✓ білім алушылардың білімін толықтыру;
✓ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
✓ білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
✓ цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;
✓ инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.
https://uba.edu.kz/storage/app/media/IMP/IMP_2021-2022_kaz.pdf