27
январь
2022
Облыстық пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында мектептегі «Ақиқат» дебат клубының ұйымдастыруымен «Ақиқат сөйлесін» дебат турнирі өткізілді.
«Ұшқыр ой алаңы» оқушылар арасындағы облыстың дебаттық туринирі негізінде №36 орта мектебінде 9-11 сыныптар аралығындағы оқушылар арасында, өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизм мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; облыстық пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында 25.01.2022 мектептегі «Ақиқат» дебат клубының ұйымдастыруымен «Ақиқат сөйлесін» дебат турнирі өткізілді.
Турнир «АПФ» – Парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиетті дамытатын форматта ұйымдастырылды. Әрқайсысына екі ойыншыдан тұратын екі фракция – «Үкімет пен Оппозияция» ұсынылған қарарды талқылады. Әр раундқа жаңа қарар таңдап алынады. Пікірсайыс барысын Палата Спикері басқарды, сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін атқарды.
1 – турға сай 9 «а» сынып оқушылары Тұрғымбай Сабина және Асқар Әлібектің «Ынталы» фракциясы Үкімет сөзін сөйлеп, үздік танылды. Алғашқы ойынның барлық кезеңдерін үздік ойларымен, ұшқыр идеялары арқылы жеңіске жетті.
2 – турда 9 «ә» және 11 «а» сынып оқушыларынан құралған «Білімді жығар мыңды» және «Болашақ» фракциялары тартысты ойын көрсетті. Ойын барысында Оппозия қорғаған «Білімді жығар мыңды» фракциясы жеңіске жетті.
Келесі турларда дебат клубының жаңа мүшелері «Әрекет», «Ақылды ой», «Самғайық», «Жетіген» фракциялары қатысушыларға жаңкүйер болып, өз тәжірибелерін арттырды. Ойын нәтижесі бойынша Асқар Әлібек үздік ойынша атанды.
Сайыстың соңын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Т. Суйеубаев сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады. Сайысқа дебат клубының жетекшісі О. А. Жандыллаев төрешілік етті. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Дебатерлер тың идеялар мен жақсы ұсыныстар жасады. Осы дебат сайысы келешекте жастарға жарқын жол ашатын пікір-сайыстың бастамасы болмақ.
#лидердебаты #Алматыоблысыпікірсайысқозғалысы #iamdebater #rumcdomonrk #мендебатермын #ядебатер #ұшқыройалаңы
@rumcdo_official
@sherraisa
@debat.almaty_obl


