12
апрель
2023
“Бала қауіпсіздігі - басты назарда"
“Қауіпсіз терезелер" республикалық ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспарына сәйкес 11.04.2023ж күні Жәпек батыр ауылы N36 орта мектепте 9-10 сыныптар арасында “Ақиқат” дебат клубының ұйымдастыруымен “Бала қауіпсіздігі - басты назарда" атты пікірсайыс өткізілді. Турнирдің мақсаты - оқушылар арасында қауіпсіздікті сақтау және оның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Тартысты ойында 9 “ә” сыныбынан құралған “Мәдениет” тобы жеңіске жетіп, үздік ойыншы ретінде Амирова Медея танылды.

