№36 орта жалпы білім беретін мектеп логопеді Б.Кудайбергенованың І жартыжылдық бойынша жүргізген жұмыстарының есебі 2019 – 2020 оқу жылы » №36 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №36 орта жалпы білім беретін мектеп логопеді Б.Кудайбергенованың І жартыжылдық бойынша жүргізген жұмыстарының есебі 2019 – 2020 оқу жылы
26
декабрь
2019

№36 орта жалпы білім беретін мектеп логопеді Б.Кудайбергенованың І жартыжылдық бойынша жүргізген жұмыстарының есебі 2019 – 2020 оқу жылы

36 орта жалпы білім беретін мектеп логопеді Б.Кудайбергенованың

І жартыжылдық бойынша жүргізген жұмыстарының есебі

2019 – 2020 оқу жылы


         2019 жылдың 1 – 14 қыркүйек аралығында сөйлеу тілі   бұзылған оқушыларды қабылдау үшін тексеру жұмыстары жүргізілді. 13 қыркүйек күні сөйлеуге және оқуға қиналатын оқушыларды анықтап, логопунктке қабылдау үшін комиссия мүшелері құрылды.

2019 жылдың 13 қыркүйек күні  №1 логопедтік зерттеу хаттамасы негізінде логопунктке 16 оқушы, 2018 – 2019 оқу жылында сөйлеу тілінің түзелмеуіне байланысты биылғы оқу жылына түзету жұмысын жалғастыруға 7 оқушы, қалалық психологтік-дәрігерлік-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша 2 оқушы, 11  ұл, 11 қыз, барлығы 25 оқушы қабылданды. Оның ішінде: МАД – 4 оқушы, 1 сыныптан – 5 оқушы,  2 сынып – 10 оқушы, 3 сынып – 2 оқушы, 4 сынып – 2 оқушы, 7 сынып – 1 оқушы, 9 сынып – 1 оқушы.

       Сөйлеу тілінің дыбыс айту жағының бұзылуы, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы, тұтықпа, фонематикалық есту қабілетінің қалыптаспауы бойынша топтарға бөлінді. 

Дыбыс айтуының бұзылуы –   16

Фонетикалық – фонематикалық жетіспеушілігі - 6

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы - 1

Тұтықпа - 2

Дыбыс айту бұзылысы бар оқушыларға бұзып айтатын дыбысына байланысты әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып жұмыс жүргіземін. Мысалы: қойылатын дыбысқа байланысты сол оқушының артикуляциялық жаттығулар жасау арқылы артикуляциялық аппарат мүшелерін дайындау және әртүрлі ойындарды пайдалана отырып қойылған дыбысты буында, сөзде, сөйлемде, ауызекі сөйлеу тілінде машықтандыру және алмастыратын дыбыспен ажырату жұмыстары жүргізіледі. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған оқушылармен сөздік қорын молайтуға, байланыстырып сөйлеуін дамытуға бағытталған, мысалы: суреттерді атау, заттарды топтастыру, сөздерге сөйлем құрау, берілген сюжетті және сериялы суреттер бойынша әңгімелеу сияқты тапсырмалар беріледі.

Сөйлеу тілінде бұзылысы бар оқушылармен жүргізілетін күнтізбелік жоспар – жан-жақтылық, жас ерекшелігін ескеру, жүйелілік, динамикалық, онтогенетикалық қағидаларын негізге ала отырып құрастырылады.

2019 жылдың 18 қазанда №44 орта мектебінде «Инклюзивті білім беру негізінде дефектолог-логопед жұмысының ерекшеліктері», 15 қараша №7 орта мектепте «Ерекше білімді қажет ететін балаларды үйде оқыту» атты өткен аудандық семинарларға қатыстым.

         I-жартыжылдықтың қортындысы бойынша логопедтік топтан 2 «Г» Какен Аятжан, 2 «Ә» Ержан Айым, 2 «Д» Ахан Аяулым, 1 «Ә» сынып Агали Ясин шығарылды, бұл оқушылармен түзету жұмыстары жүргізіліп жақсы нәтижеге қол жеткізілді.  Сөзімді қорыта келе, сөйлеу тілінің бұзылысы бар оқушылармен әртүрлі логопедиялық тәсілдерді қолдана отырып жұмыстар жүргізу барысында олардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзетуге болады. 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив