Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі
07.02.2023-14.02.2023 жыл аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!» тақырыбында пәндік апталық болып өтті.
Мақсаты: Ел ертеңі тәрбиелі жастар мен білімді балғын ұрпақтың қолында екенін ұғындыра отырып, ана тілін құрметтеуге үйрету. Шәкірттерді тіл тазалығы үшін күресуге баулу әрі еркін сөйлеуге үйретіп, ой-өрісін кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.
Апталықтың ашылуы қазақ тілі туралы қызықты сауалдар қою арқылы 7 ақпан күні таңертең қазақтың «Қаражорға» биімен ұстаздар мен оқушыларды күтіп алудан басталды. Сонымен қатар сыныптарына кіру үшін сұраққа жауап беру ұсынылды. Пән бойынша ашық сабақтар, сайыс сабақтар, ойын түрлері өтіліп, үздік қатысушылар қорытынды кеште марапатталды.
