Эстетикалық пәндердің онкүндігі » №36 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Эстетикалық пәндердің онкүндігі
20
март
2023

Эстетикалық пәндердің онкүндігі

 

Эстетикалық әдістемелік бірлестігі апталығының қорытындысы


2022-2023 оқу жылы

Эстетикалық әдістемелік бірлестігі апталығының жоспары ӘБ отырысында қаралып, бекітілді. Эстетикалық әдістемелік бірлестігі апталығы наурыз айының 13 нен 17 аралығында болып өтті. Апталықтың тақырыбы: «Көркем еңбек және эстетикалық бағыттағы пәндерді оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының шығармашылық   қабілетін арттыру».

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлауын, дүниетанымын қалыптастыра отырып,  өз бетінше ізденуін,күнделікті өмірде алған білімдерін тиімді пайдалану ,өнерлі білікті, мәдениетті және денсаулығы мықты азамат етіп тәрбиелеу. Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып қоғам өміріне белсене қатынасатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру.  13.03 күні апталықтың ашылуы болып өтті.    14.03 күні көркем еңбек пәнінен Тлеужанов Талғат 7 «Б» сыныбында «Полиграфия өнерімен  танысу. Көркемдеп күйдіру техникасы» атты ашық сабақ өтті. Сабақта меңгерілетін оқу мақсаты, 7.1.2.1. Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері өз бетінше зерделеу және сипаттау. Сабақ барысында топтық жұмыс орындалды. Оқушылар ағаш бетіне күйдіру арқылы суреттер салды, көшірме қағаздар қолданылды. «Еркін микрафон» әдісі  арқылы бекіту сұрақтарға жауап берді. Берілген суреттерге сабақтан алған әсерлерін жазу арқылы кері байланыс жасады.   Мұхатаева Жағыл музыка пәнінен 5 «А» сыныбына «Өз елім» атты ашық сабақ өткізді.Оқу мақсаты, 5.1.1.1 музыканың түрін, стилі мен жанрын, музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау; Сабақ барысында бірнеше әдіс тәсілдер қолданылды. Оқушылар дәптермен жұмыс жүргізді , кроссвордтар шешті.5.1.3.1 түрлі әндерді орындау барысында музыканың көңіл күйі мен көркем бейнесін жеткізу;   Сабақ барысында әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылды.  Дулат Айбын көркем еңбек пәнінен 15.03 күні 6 «Б» сыныбында «Көлік құралын орындау. Үлгінің жеке бөліктерін дайындау, үлгіні құрастыру, безендіру» ашық сабақ өткізді. Оқу мақсаты, 6.2.3.1 орындалған өлшем мен белгілеу негізінде бұйым дайындау үшін материалдарды электрлік қол құралдарымен өңдеу; 6.2.3.2 ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөліктерден тұратын бұйым жасау; Оқушылар эскиз бойынша көлік үлгілерін құрастырды. Омаргазина Назерке көркем еңбек пәнінен 6 «Г» сыныбына «Тоқыма  материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар)» ашық сабақ өткізді. Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:    6.1.5.1 - Өзінің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әртүрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау. Оқушылар «Тілек гүлдері» әдісі арқылы бір бірлеріне жылы тілектерін жолдады және гүлдердің түсіне қарай топқа бөлініп отырды. Өтілген сабақтарға шолу жасау мақсатында  ZipGrade платформасында  оқушыларға  тест ұсынды. «Ойыншықтар» әдісі бойынша  оқушылар   тақырыпты болжады. ЫҚБ жүргізіліп отырды. Оқушылардың болжамына сүйене  сабақ мақсатымен  таныстырды. Пәнаралық байланыс пен құндылыққа  ақпарат беріледі. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындалды. «Сиқырлы ине» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған білімі бойынша  сұрақ қою арқылы сабақты бекітті. «Түсті жіптер» әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Оқушылар түсті жіптерге бүгінгі тақырып бойынша  алған білімдерін саралап жазып қалташаларға салады.15-17 наурыз аралығында «Қазақтың қолөнері- асыл қазына» атты   қолөнер  өткізілді.  Көрмеге оқушылар қолынан шыққан бұйымдар қойылды.  17 наурыз күні апталықтың жабылуына орай «Наурыз-думан, мереке» атты  концерттік бағдарлама өтті. Концертке 5 және 9 сынып оқушылары  қатысты.         

Ұсыныс: Мұғалім сабақтың тиімділігін арттыру үшін  әрбір сабақта АКТ және  жаңа  технологияларды колдану керек.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив