Бастауыш апталығы
Апталық мынадай жоспарда құрылды:
Апталықтың ашылу
2. Ашық сабақтар
4. Математикалық олимпиада.жарыстар
5. Апталықтың жабылуы.
Апталықтың бірінші күні 2 - сабақ үзілісінде аппталықтың ашылу салтанатына орай саптүзеу болды. Бұл саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс- шаралардың жоспары, апталықтың тақырыбы, мақсаты таныстырылып, соңынан математика туралы 4 «б», 3 «А», 4 «А» сынып оқушылары өлеңдер оқыды. Апталықтың тақырыбы (Мен математикпін) және мақсаты мен міндеттері де таныстырылып өтті.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.
Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.
Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты.
Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. «Математика алаңында» апта бойы қызықты шаршылар, математикалық сөзжұмбақтар, логикалық және қызықты есептер ілінді. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары, белсенділікте қатысты.
20.11 күні апталықтың жабылу жиыны болды. Апталықтағы математика олимпиадасының қорытындысы бойынша бірінші орын иеленген оқушылар: 4 «Б» сынып Тарапатий Данийл, Майер Данил, Хамет Санжар, 2 «Б» сынып Уфимцев Роман, 2 орын иеленгендер: 4 «Б» сынып Уфимцев Павел, Гончаров Владислав, 2 «А» сынып Хавдалғалам Ажар, 1 «А» сынып Азамат Роза, 3 «А» сынып Казакстанова Агила. 3-орынды 2 «А» сынып Қанатбек Ақмарал, Аманкелсін Баян, 3 «Б» сынып Кудряце Виталий, 3 «А» сынып Аденбай Айсұлу, Мукажанова Мерей, 4 «А» сынып Армия Лаззат, Өмирбек Аяндар мақтау қағазымен марапатталды. Сондай –ақ, «Математика алаңы» іс-шараға белсене қатысқан оқушылар да іріктеліп, марапатталды.