Мемлекеттік қызмет көрсету-заман талабы » №36 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мемлекеттік қызмет көрсету-заман талабы
05
январь
2024

Мемлекеттік қызмет көрсету-заман талабы

Мемлекеттік қызмет көрсету –заман талабы
Қазіргі таңда заман талабына сай мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Халықтың мемле¬кет¬тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр¬у бағы¬тында¬ игі бастамалар жүзеге асырылуда
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.
Осы орайда мектебімізде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Кучкарова Рабиға Халманқызы мен оқу ісі меңгерушісі Унаева Шайгуль Базтайқызы жауапты маман ретінде бекітілген.ҚР мемлекет басшысының Жолдауындағы нұсқаулықтарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді халық арасында танымал ету мақсатында біршама жұмыстар атқарылып келеді.Мектебімізде негізінен барлық қызметтер «Егов», «Е-Жетісу» порталы арқылы, ХҚКО арқылы жүзеге асырылады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылып, ол жұмыс оқу ісі меңгерушісі Унаева Шайгуль Базтайқызы тарапынан үздіксіз қадағаланып келеді.
Мектебімізде төмендегідей мемлекеттік қызмет көрсету стандарды жүзеге асырылуда:
•«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсету стандарты
•"Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
•"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
•"Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
•"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
•"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
•«Шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
2023-2024 оқу жылында 1 сыныпқа «Егов»-1, «Е-Жетісу» порталы арқылы 87 өтініш және қағаз жүзінде 18 өтініш келіп түсіп қабылданды. 10 сыныпқа 53 оқушы қабылданды.
Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жаз бойына 50 оқушы ,1-ші тоқсан бойынша 8 оқушы ,2-ші тоқсан бойынша 9 оқушы ,қабылданды.
Үйден оқыту бойынша 3 оқушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мектебімізде көп балалы, жетім, жартылай жетім, АҚҚ оқушылар, аз қамтылған отбасының балалары -75 оқушы,1-4 сыныптан 411 оқушы 2023-2024 оқу жылында жеңілдетілген тегін ыстық тамақпен қамтылды. Әлеуметтік педагог Мейрамгүл Ақбергенқызы сынып жетекшілермен үнемі тығыз байланыста. Әрбір ата-ана мен әр оқушының тұрмыс жағдайы зерттеліп,АКТ толтырылып, мемлекеттік қызмет көрсетілуде.
Шалғайда тұратын 18 оқушыға тасымаладу ұйымдастырылып, күнделікті оқушылардың сабақтан қалмай,кешікпей келуіне, жол қауіпсіздігіне жауапты мамандар тағайындалып, қадағалануда.
Экстернат нысанында оқытуға өтініш білдіргендер, негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беруге өтініштер болған жоқ.
Атап айтқанда негізгі орта білім туралы құжаттарды беру,Мемлекеттік қызмет алудан бас тарту, қызметкерлердің сапасына, жұмысына шағымдар болған жоқ.Мемлекеттік қызметті реттеу Стандартқа және нақты процеске сәйкес келеді.

Оқу ісінің меңгерушісі Р.Кучкарова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив