Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес » №36 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№36 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес
06
октябрь
2021

Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес

Қайырлы күн құрметті қауым! 

Мен, Айдаркулов Жанайдар Болысбекулы Алматы обылысы, Іле ауданы, Жапек батыр ауылындағы №36 орта мектебінің басшысы ретінде  Адалдық алаңында сыбайластық жемқорлықпен күрес бағытында мектепте атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат беру үшін Сіздермен бүгінгі тікелей эфирде жүздескеніме қуаныштымын.    

ЖАЛПЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі болып отыр. Ол үнемі терең зерттеуді, оған қарсы белсенділікті және  оған қарсы тұруды қажет етеді. Осыған орай Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған мемлекеттік бағдарламалар , Қазақстан Рсепубликасында  сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қымыл  туралы Заң қабылданып , Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенті тарапынан тиімді күрес жұмыстары жүргізулуде. 

Заң актілеріне сәйкес жемқорлыққа қарсы әлеуетті көтеруге және оны іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталды. Соңғы уақытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін белгілі бір заңнамалық база қалыптастырылды. 

Мектеп ол тәрбие мен білімнің және болашағымыз - жастарды адал Азамат ретінде тәрбиелеп, қалыптастырып шығаратын білім ошағы. Сондықтан , баланы жастан демекші оқушылардың бойында жемқорлыққа деген жиіркенішті қалыптастырып, сыбайластыққа қарсы адал ұрпақты тәрбимелеп шығару қазіргі білім мекемелерінің негізгі міндеттеріне айналып отыр.   Осы бағыттар бойынша  мектептерде  Адал ұрпақ мектепішілік клубы, Адалдық дүкен жобасы , пікірсайыстар, дебаттар, он-лайн диспуттар, ситуациялық жағдайларға түсіру және одан заңды түрде шыға білу ойындары арқылы және оқушылардың жемқорлыққа қарсы өздері салған суреттердің көрмелері ұйымдастырылып, қабырға газеттері арқылы сыбайластық жемқорлыққа қарсы тиімді жұмыстар жүйелі атқарылуда. Атқарылған жұмыстар мектептің фезбук парақшаларында дер кезінеде  жарияланып арнайы жинақ папкаларында жинақталған .

Жалпы мектепті басқару ісінде мектеп басшысы ретінде басқару жұмыстарында ашықтық , жариялық , демократиялық принциптерді негізге ала отырып. жұмыс кабинетімді екінші қабаттан бірінші қабатқа ауыстырып яғни көпшілікке көрініп отыратындай арнайы бөлмеге және мектеп директорының орынбасарлары жеке жеке кабинеттерден жалпы бір кабинетке топтастырылды. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың қазіргі кезде және екінші жыл бойындағы басқару ісінде  тиімділігі артты. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылдың 19  қазанындағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мектепте 2020 жылдың 21 желтоқсанында №64 бұйрық бойынша  мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалынды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды өткізу мақсатында   ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруді көздейтін жұмыс комиссиясы құрылды. 

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" мектепішілік 2020жылғы желтоқсанның 21-і күнгі №  64 бұйрығы негізінде 2020 жылғы 21-28 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдауда №36 орта мектептің жұмысының 2020 жылғы 2-ші жартыжылдық кезеңі қамтылған. Мектеп өз қызметін Нұсқаулық Ереже негізінде жүзеге асырады.Ережеге сәйкес мектептің миссиясы  білім беру саласындағы заңдарды жүзеге асыру болып табылады. Президенттің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

1. Мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  (коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т. б.))

1.Мектеп өз қызметінде келесі заңдарды және нормативтік актілерді басшылыққа алады :   

- "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы»,

 - Қазақстан Республикасының Конституциясы, 

- "Бала құқықтары туралы" ҚР Заңы» 

- ҚР "Неке және отбасы туралы" Кодексі» 

- "Еңбек туралы" ҚР Кодексі»

 - "Мемлекеттік қызметшілер туралы" ҚР Заңы» 

- "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңы»

 - ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы

 - ҚР Білім және ғылым министрінің "Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы"бұйрығы.

Мектептің ережесінде айқындалған функциялар Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген заңнамаларына сәйкес келеді.

Мектептің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 

Талдау барысында бөлімнің ғимаратында ақпарат үшін тақта, оның ішінде мектепте   көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарты, қызмет алушылар үшін өзіне-өзі қызмет көрсетудің жабдықталған бұрышы бар екендігі анықталды.

2. Мектептің   ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 

2.1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы; 

2020 жылдың 1 шілдесіндегі штат кестесіне сәйкес  Әкімшілік бөлімде ауысуы анықталған жоқ. Педагог қызметкерлердің  тамыз айында М.Тәжітаев  және қыркүйек айында Н.Атанбаева қайтыс болу себебінен жұмыстан босатылды.  Қараша айында тұрғылықты жерін ауыстыру себебінен Ж.Шалимбаева жұмыстан шықты. Штат кестесіне сәйкес С.Бимбетов , П.Минетаев , Ж.Сисенбаев , Н.Қарқынбай және   А.Тилеужанова жұмысқа қабылданды. 

3.2.  Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша    жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық болған жоқ

3.3. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша. 

Орта білім беру мекемесінде  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жүзеге асырылады.

Атап айтқанда негізгі орта білім туралы құжаттарды беру,Мемлекеттік қызмет алудан бас тарту, қызметкерлердің сапасына, жұмысына шағымдар,экстернат нысанында оқытуға өтініш білдіргендер  болған жоқ.Мемлекеттік қызметті реттеу Стандартқа және нақты процеске сәйкес келедіБілім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол  жоқ.Негізінен барлық қызметтер «Егов», «Е-Жетісу» порталы арқылы, ХҚКО арқылы жүзеге асырылады. 1 сыныпқа   «Е-Жетісу» порталы арқылы 95 өтініш және қағаз жүзінде 13 өтініш келіп түсіп қабылданды. 10 сыныпқа 40 оқушы қабылданды. Мектеп алды даярлық тобына 43 оқушы қабылданды. 

айлар

Электронды

Қағаз жүзінде

Шілде


4

Тамыз


15

Қыркүйек


6

Қазан


2

Қараша


10

Экстернат нысанында оқыту қызметі болған жоқ. 

Телнұсқа беру қызметі болған жоқ.

 Үйден оқыту қыркүйек  айында 1 оқушы Нұрлан Сезім, қараша айында 1 оқушы Серік Дарын қабылданды.

3.4.Бақылау функцияларын іске асыру;

Талдау көрсеткендей, ағымдағы жылдың басынан бері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясымен тексерілмеген.

     3.5. Орта білім беру ұйымының   ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
 
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы  ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 26 тамыздағы № 820 қаулысының 1 бап,8 тармағына сәйкес ақпараттық есепке алу құжатында өтiнiштiң мазмұны жөнiндегi қысқаша деректердi тiркеу және келiп түскен әрбiр өтiнiшке тiркеу нөмiрiн беру  қарастырылған;

Орта білім беру мекемесінде келіп түскен өтiнiштiң мазмұны жөнiндегi қысқаша деректердi тiркеу және келiп түскен әрбiр өтiнiшке тiркеу нөмiрiн беру бойынша журнал бар.2020 жылдың екінші жартыжылдығында ешқандай өтініш түспеген.

4.Қорытынды бөлім

Жоғарыда көрсетілген мәліметтер негізіне орта білім беру ұйымы төмендегідей ұсыныс жасайды:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру.


 «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив