01
September
2023
1 қыркүйек Білім күні мерекелік шеруі

Secondary school №36нде Білім және ғылым минстірлігінің 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін және «Мектебім –мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу тұжырымдамасы негізінде салтанатты жиын 09.00-09.45 минут аралығында өткізілді. Білім беру ұйымдары оған бүкіл мектеп қоғамдастығының қатысуын қамтамасыз етілді. Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді. Салтанатты жиынға аймақтық балалар ауыруханасының директоры Нұрбаев Ролан Мамырұлы мен қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ф.Ахметова және 1-сынып оқушысының ата-анасы/заңды өкілі қатысты.2023 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Мектебім –мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылды. Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылды. Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастырылды. Бейнероликте ұсынылған тақырыптар 1-11 сыныптар үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»; Бірінші сынып оқушыларына арналған «Мектепке алғашқы қадам»;2-4 сынып оқушыларына арналған«Жазғы каникулдан жарқын естелік», «Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім; 5-8 сынып оқушылары үшін –9-11 сынып оқушылары үшін –«Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Болашақ менің қолымда»;Ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып-өмірдің жаңа кезеңі»; Сынып жетекшілері үшін –«Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!».тақырыптарында болып өтті.