04
April
2022
Сенбілікке 56 мұғалім қатысып, мектеп ауласы мен спорттық алаңдар тазаланды
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.Осы орайда 36ом бойынша сенбілікке 56 мұғалім қатысып, мектеп ауласы мен спорттық алаңдар тазаланды. Сәндік ағаштарды кесу жұмыстары жасалынды. 10 қап қоқыс шығарылды.
Бұл шара табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Жалпы әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс.Туған өлкеміздің тазалығы сенбілік шараларымен шектеліп қалмауы керек.Сондықтан тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың ажарлана түсуіне үлес қосайық


