30
март
2022
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында ұжыммен жиналыс өткізілді
Алматы облысы Іле ауданы Жапек батыр ауылы «№36 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2022 жылдың 28 наурыз күні «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында ұжыммен жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп ұжымы қатысты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы баяндаманы тарих пәні мұғалімі А.Суйеубаев оқыды. «Сыбайлас жемқорлықтың себептері» тақырыбында мектеп директоры Ж.Айдаркулов өз ойын ортаға сала отырып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңына сәйкес заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда қылмыстық-әкімшілік жауапкершілік қолданылатынын қазіргі таңдағы мектепке келген жас мамандарға ерекше таныстырып, түсіндіріп өтті.



